Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Алматы облысында 11 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

"Алматы облысында берілген ұсыныстарды орындау мақсатында мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен жалпы ауданы 11 мың гектар 19 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды", — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Басқарма талдау барысында облыста 65 мың гектардан астам жер учаскесі анықталғанын, оларды бергенде сыбайлас жемқорлық болғанын айтты.

"Жайылым жерлерін жосықсыз жеке меншікке беру салдарынан облыстың негізгі тұрғындары арасында мал жаю үлкен мәселеге айналды. Тұрғындар малын өз елді мекендерінде жаюға мәжбүр", — делінген хабарламада.

Қалған жерлерді қайтару мәселесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша бақылауында.

Сурет: primeminister.kz

Стиль жизни

Новости

Теги