Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Елімізде шай мен кофе өндірісі артты

Елімізде жарты жыл ішінде шай мен кофе өндірісі 17,2% өсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қантар-маусымда елiмiзде 10,3 мың тонна шай мен кофе өндiрiлді. Бұл өткен жылдың сайкес кезеңiмен салыстырғанда 17,2% артық (2022 жылғы қаңтар-маусым – 2022 8,8 мың тонна).

Импорт үлес салмағы 73,4% – елге аталған өнімнің 28,5 мың тоннасы әкелінген. Осылайша импорт көлемі алты айда 32,8% өсті.

Экспортқа жарты жылда 3,5 мың тонна шай мен кофе жіберілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6% артық.

Ішкі нарықта барлығы 35,2 мың тонна өнім сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,3% көп. 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда биылғы шілдеде шай бағасы 12,8%, кофе 17,5% қымбаттаған.

Стиль жизни

Новости

Теги