Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Бірінші сынып оқушыларының 70 пайызы қазақ тілінде оқиды

Биыл мектепке алғаш баратын оқушылардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде білім алуды таңдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа 2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады, оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Айта кетерлігі, Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынып жатыр.

Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды, — делінген таратылған ақпаратта.

Еске салайық, 2021 жылы балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.

Стиль жизни

Новости

Теги