Анасы 4 жасар қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен. |
Алматы полиция департаменті Жамбыл ауданынан Алматыға бағыттаған таксиде анасы қалдырып кеткен 4 жастағы қыздың табылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен.
Lider kz волонтёрлерінің хабарлауынша, 2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы Бақытгүл Қалмақбай кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан.
Бүгін таңертең Мармарды полицияға көлік жүргізушісі әкелді.
«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды», – деп хабарлады ведомстводан.