Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

SIM-карталарға шектеу қойылады

Қазақстанда SIM-карталарды сатуды тек байланыс операторларының құзыретіне қалдыру жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Цифрлық даму министрлігінің бұйрық жобасында соңғы пайдаланушыны сәйкестендірмей тіркелген қазақстандық нөмірлер арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың алдын алу көзделген. Осы мақсатта SIM-карталарды жеке тұлғаны анықтамай сату тоқтатылып, тіркеу үдерісін қатаң бақылауға алу ұсынылып отыр.

Жаңа өзгерістер күшіне енген соң, абоненттік нөмірлерді тек ресми байланыс операторларынан сатып алуға мүмкіндік болады.

Сондай-ақ, байланыс операторлары арнайы Call-орталық ашып, азаматтардың алаяқтық әрекеттер туралы дереу хабарлауына жағдай жасамақ. Бұл күдік тудыратын нөмірлерді жедел бұғаттап, құқық қорғау органдарына қажет мәліметтерді жинауға жол ашады.

Құжат 2025 жылғы 23 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Ал бұған дейін, LS редакциясы SIM-карталарды тек биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана алуға болатынын хабарлаған еді.

Стиль жизни

Новости

Теги