Добро пожаловать на Info Orda - Информационную Орду, где ты можешь быть в курсе самых главных событий в Украине и во всем мире! Мы предлагаем тебе уникальное описание сайта, которое захочется перечитывать снова и снова.

Get in Touch

Испанияда қаралы күн жарияланды

Испанияда түнгі клубтағы өрт құрбандарын еске алу мақсатында қаралы күн жарияланды.

Ол үш күнге жалғасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

«МИР 24» мәліметінше, Испанияның оңтүстік-шығысындағы өңірде болған дискотека қайғылы жайтпен аяқталды. Мурсия қаласында түнгі клуб өртке оранып, 13 адам мерт болды.

Тағы бірнеше адам күйіп қалды. Алайда зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Белгілі болғандай өрт екі ғимараттың ортасынан басталып кетіп, клубты шарпыған. Испаниялық БАҚ ақпаратына сүйенсек, оған шамның қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Өртті ауыздықтауға 60 өрт сөндіруші және полиция атсалысты. Сондай-ақ 12 техника қолданылды. Қазір төтенше жағдай қызметтері үйінділерді тазартып жатыр. Қазір Мурсияда үшкүндік қаралы күн жарияланды.

Стиль жизни

Новости

Теги